Хаттамалар стегі.




Хаттама дегеніміз – қандай да бір байланысты реттейтін ережелер мен процедуралардың тобы.
Хаттамаларға қатысты негізгі тұжырымдарды ұмытпау керек:
1. Хаттамалардың саны көп. Әрбір хаттама әртүрлі тапсырмаларды орындайды, өз мақсаты, өз артықшылықтары бар және оларға қандай да бір шектеулер қойылады.
2. Хаттамалар OSI үлгісінің әртүрлі деңгейлерінде жұмыс істейді. Хаттамалрдың функциялары өздері жұмыс істейтін деңгеймен анықталады.
3. Бірнеше хаттамалар бірігіп жұмыс істеуі мүмкін. Оларды хаттамалар стегі немесе тобы деп атайды.
Желілік ортада хаттамалар деректерді тасымалдаудың ережелері мен процедураларын анықтайды. Деректер берілісі мүлтіксіз, өз ретімен орындалуға тиіс, бірнеше қадамнан тұрады. Компьютер жіберуші және компьютер –қабылдаушы хаттамаларды келесі процедураларды орындау үшін пайдаланады:
-деректерді пакеттерге бөлу;
-пакетке адрес туралы ақпаратты қосу;
-пакеттерді жіберуге даярлау;
-кабель бойымен жіберілген пакеттерді қабылдау;
-пакеттен деректердің көшірмелерін алу үшін, деректер блоктарының алғашқы мәндерін жинақтау;
- қалпына келтірілген бұл блоктарды компьютерге жіберу.
Желінің дұрыс жұмыс істеуі хаттамаларды орнатумен шектелмейді. Кабель бойымен деректерді жіберу үшін компьютер әртүрлі ену әдістерін қолданады. Ену әдісі- компьютерлік желілік кабель бойынша деректерді қалай жіберіп, қабылдау керектігін анықтап беретін ережелер тобы. Желідегі бірнеше компьютерлердің кабельге ортақ ену мүмкіндігі тиіс. Бірақ желідегі екі компьютер бір мезетте деректер жіберуге тырысса, олардың пакеттері бір –бірімен «соғылысады» да, бұзылады. Бұл құбылысты коллизия деп атайды.
Ену әдістері бірнеше компьютердің бір мезетте кабельге енуін болдырмайды. Негізгі ену әдістері:
- бақылауды пайдаланудың арқасында коллзияларды аша отырып көпше ену.
- Бақылауды пайдаланудын арқасында коллизияларды болдырмай көпше ену.
- маркерлік беріліс арқылы ену.
-сұраныстың үстемділігі бойынша ену.
1. CSMA/CD –бақылауды пайдаланудын арқасында коллизияларды аша отырып көпше ену шина және жұлдызша топологияларында қолданылады.
2. CSMA/CА –бақылауды пайдаланудың арқасында коллизияларды болдырмай көпше ену. CSMA/CА әдісін пайдалана отырып әрбір компьютер желіге деректерді жібермес бұрын өзінін ниеті туралы алдын –ала сигнал береді, сондықтан желідегі басқа компьютерлер даярланып жатқан беріліс жайында «біледі» де коллизиядан құтылады.
3. Маркерлік беріліспен ену әдісі. Мұның мәнісі маркер деп аталатын ерекше типті пакеттің сақина бойымен айналып жүретіндігінде. Компьютер маркерді тосып, оны ұстайды да ақпаратты толтырып адресатқа жібереді. Бұл уақытта желідегі басқа компьютерлер мркердің босауын күтіп тұрады. әрбір уақыт мезетінде тек бір ғана компьютер маркерді пайдаланатындықтан, желіде жарыс та, коллизия да болмайды.
4. сұраныстың үстемділігі бойынша ену желінің тек канцентраторлар мен түйіндерден құрылуына негізделген. Концентраторлар түйіндерден тізбектей жауап алу арқылы беріліске сұранысты анықтай отырып, кабельге енуді басқарады. Концентраторлар барлық адрестерді, байланыстарды және түйіндерді біліп, олардың жұмыс қабілеттерін тексеріп отыруы тиіс. Бір мезгілде екі сұраныс түскен кезде, концентратор алдымен үстемділігі жоғары сұранысты таңдайды. Егер сұраныстардың үстемділіктері бірдей болса, олар кез –келген ретпен орындалады. Сонымен, сұраныстың үстемділігі бойынша ену кезінде байланыс компьютер –жіберуші, концентратор және компьютер –қабылдаушы арасында орнатылады. Деректердің берілісін орталықтан концентратор басқаралы.